Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)
Алматы облысында ірі жол апаты болып, соның салдарынан 6 адам қаза болды.

Бұл туралы СТВ арнасының “Территория происшествий” бағдарламасы хабарлайды.
Болжам бойынша, Алматы-Астана тас жолының бойында Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, қарсы бағытпен келе жатқан Toyota Corolla көлігімен қақтығысқан. Оқиға салдарынан 6 адам қаза болған. Бір адам ауыр жағдаймен ауруханаға жеткізілді.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр
“Полицейлер тарапынан алдын алу шаралары жүргізіліп жатқанымен, жүргізушілер жол ережесін бұзуды доғарар емес. Осының соңы осындай қайғылы жағдаймен аяқталып отыр”, – дейді полиция қызметкері.
Жіберіп алмаңыз:
Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты
Қостанай облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болып, 25 адам жараланды (фото)
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты
Алматы облысында автобус пен жойғыш ұшақ макетін тасымалдаған КамАЗ соқтығысты (видео)
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін