Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз желіде танысқан адамдардың үйінде жасырынған

Жамбыл аудандық АІІБ іс-түссіз жоғалып кеткен 15 жастағы Малика Орақбаеваны тапты. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-ге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз желіде танысқан адамдардың үйінде жасырынған

15 сәуір күні Алматы қаласында тұратын анасы Маликаны Жамбыл ауданының Қарғалы ауданына таксиге отырғызып жіберген. Оқушы қыз сол жерде туыстарының үйінде жатып оқиды екен. Оқушы барар жеріне жетпестен жоғалып кеткен. Сондықтан да туыстары Жамбыл аудандық АІІБ-ге шағым түсірген.

«Полицейлерден бөлек, іздеу жұмыстарына қыздың туыстары мен ұстаздар көмектескен. Жақын маңдағы ауылдар бірнеше мәрте тексерілді. Әсіресе Алматы қаласына жіті көңіл бөлінді. Ақырында жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды. Ол әлеуметтік желі арқылы танысқан таныстарының үйінде жасырынған», – деп хабарланды полициядан.

Кәмілеттік жасқа толмаған қыз ата-анасына тапсырылды. Ал оның үйден не себепті кетіп қалғанын полицейлер анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін желіде қыздың табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Алайда атасы бұл оны жоққа шығарып, немересін 14 сәуірден бері көрмегенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: 

Шаханов: Бізде әр ұрының кем дегенде 2-3 медалі бар, солардың қатарында болмайын деп атақтан бас тарттым

Көкшетау тұрғыны соғыста жоғалып кеткен атасы туралы 76 жылдан кейін хабар алды

Шымкенттік лейтенант студент қыздың киім ауыстырып жатқан сәтін видеоға түсіріп, ақша талап еткен

Ақтаулық оқушы ешкі сүтін сатып кәсібін бастаған

Талқылау