Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені анықталды
Жоғалған студент тірі. Алматы қалалық ішкі істер департаменті өкілдерінің бейресми ақпараты бойынша Арман Нұржанұлы Шымкентте жүр.
Ол қаладағы бірнеше бейне бақылауға түсіп қалған, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Тіптен супермаркеттен киім сатып алғаны да жазылып қалыпты. Бірақ студенттің өзі табылған жоқ. Диплом қорғауға бір күн қалғанда іс-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті анасы әлі іздеп жүр. Анасының айтуынша, оның қалтасында қомақты қаржы мен қымбат телефон болған. Полицейлер, айфон арқылы Арманның оқу орнына емес, Сайран автовокзалына барғанында GPS арқылы анықтаған еді. Грантта оқып, емтихандарын жақсы бағаға тапсырған студентті іздеуге 40-тан астам полицей мен еріктілер жұмылдырылған.
«Көңілім толмайды бұл аса ұзаққа созылғанына. Тергеуге сенем ғой. Бірақ, тергеу бұданда жылдам болса,арыз жаздық қой. Олар өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ ол жұмыстан еш нәтиже жоқ»,- деді Арманның анасы Салтанат Әбілмәжінова.
Тағы да оқыңыз:
Қазақ келіншек: Жағдайымды жасай алса, шалға да тұрмысқа шығуға дайынмын
Оралман қыздар: Қазақстанда бізге ауылдан келген деп қарады, бірақ біз Америкадан келген едік