Алматыда жезөкшелік сауданы қыздырып отырған жеті мекен-жай анықталды
Универсиада-2017 қарсаңында Алматыда жезөкшелік саудасын қыздырып тұрған жеті орын анықталды.
Фото: minval.az
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы полициясы жеңгетайлық пен жезөкшелік ошақтарының нақты мекен-жайларын анықтады. Олардың алтауы қонақүйлерде болса, біреуі – пәтерде болып шыққан.
“Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасы сыбайластардың материалы сотқа жіберілгенін, енді олардың құқық бұзушылық дерегі бойынша әкімшілік негізде жауапқа тартылатынын атап өтті. Іс “Жезөкшелік немесе жеңгейтайлықпен айналысу үшін өз ғимаратын ұсыну” бабы бойынша қаралады”, – делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады
Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты
Талқылау