Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін 16 сауна жабылды
ІІМ криминалдық полициясы Алматы қаласының аумағында ірі притондар желісін ашқан қылмыстық топтың жолын кесті.
“ІІМ криминалдық полициясы Алматы қаласының аумағында ірі притондар желісін ашқан қылмыстық топтың жолын кесті”, — деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев.
ІІМ өкілінің айтуынша, қылмыстық топқа мүше әр адамның өз рөлі болған, соның ішінде адамдарды тасымалдау тәсілдері, интим қызмет көрсету және төлеу формалары мен қылмыстық жолмен түскен қаражатты аудару жүйелерінің қалай жасалғаны анықталды. Жергілікті тұрып жатқан жері бойынша, сонымен қатар қаладағы 16 саунада клиенттер базасы, телефон нөмірлері, ұйымдастыру техникалары мен қылмыстық әрекеттерді растайтын бухгалтерлік құжаттар табылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қылмысын мойындап жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Қарапайым таңғы ас 2 жасар баланы қыршынынан қия жаздады
Оралда лаңкестік шабуыл жасауды көздеген 8 адам сотталды
Атырауда жоғалған қызды көршісі зорлап өлтіріп, кейін денесін суға ағызып жіберген