Алматыда жетінші сынып оқушысы жоғалып кетті
13 жасар Екатеринаның анасы Юлия Мельник қызының мектепкен қайтып оралмағанын айтып, іздеу жариялады. Кеше түстен кейін мектепке баруы тиіс жетінші сынып оқушы үйіне де келмеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Қызым мектепке де бармаған. Түсте оның сынып жетекшісі хабарласып, Екатеринаның сабаққа келмегенін айтты. Оны сыныптасы соңғы рет Сатпаев және Гагарин көшелерінің қиылысындағы мектептің жанынан көріпті. Қызым үйден қашып кетті деп ойламаймын. Себебі, сол күні біздің арамызда ешқандай реніш болған жоқ. Бар байлығым-қызым, өтінемін оны табуға көмектесіңіздерші»,-дейді жоғалған қыздың анасы.
Жасөспірімді Алматы полициясы және еркітілер тобы іздестіруде.
«Оқушыны іздеуге криминалдық полиция қызметкерлерінің барлық күштері қосылды. Қыздың ата-анасының айтуынша, жасөспірім бұған дейін де бірнеше сағатқа үйден кетіп, қайтіп келген. Біздің ойымызша, қыздың өзі де ата-аналары да тәрбиелі, жақсы адамдар. Жасөспірімді іздеуге барлық күш қолданып жатырмыз. Оқушы табылады деп үміттенеміз», – деді Алматы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, Екатерина Мельник тізеге дейін түсіп тұратын ұзын қара күртеше, қара тақия, көк шалбар, ақ жейде және ашық көк аяқ киім киген. Қоңыр көзді қыздың шашы қара, бойы 165 сантиметр.
Жіберіп алмаңыp:
Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші
“Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде үйсіз қалған отбасыға баспана алып бермек (видео)
Астанада әкім атын жамылып мейрамханаларға 2 миллион шығын келтірген алаяқ ұсталды