Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

Алматы ІІД бірнеше күн бұрын жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Stan.kz.

Алматыда жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қыз туралы жаңа деректер пайда болды

Сурет: AFP 2018 / VALERY HACHE

Полиция мәліметінше, 6 мамырда Сүйінбай даңғылының бойында 29 жастағы қызды белгісіз көлік қағып кеткен. Артынша ол өзін заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтқан еді.

«Н. азаматшаның мәлімдемесі сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне ҚР ҚК 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, ІІД-ге жеткізілді. Істің мән-жайын анықтап, қыздың сөзінің шынайылығын анықтау үшін шұғыл-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінеді полиция хабарлмасында.

Анықталғандай,  қыз интимді сипаттағы қызмет көрсетіп келген және тексеру жұмыстарының барысында бірнеше рет ұсталған. Ол 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде қылмыстық есепте тұр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде «Саяхат» автовокзалының маңынан өтіп бара жатқан көліктен секіріп кеткен қыздың видеосы пайда болған еді.

Оқи отырыңыз:

Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев тұтқындалды (видео)

Halyk Bank желіде банктің атын пайдаланып, жалған ұтыс ойындарын ұйымдастыратын алаяқтар туралы ескертті

Семейде супермаркетке келушілер соғыс жылдарындағы әндерді шырқады (видео)

Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

Талқылау