Алматыда жасанды iPhone құрастырып сатып келген цех табылды (видео)
Алматыда жалған iPhone құрастырумен айналысқан жасырын цехтың әрекеті әшкере болды.
Бұл туралы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Заңсыз өндіріс орыны қалдағы “Аэровокзал” сауда орталығының аумағында жұмыс істеп келген.
Тінту барысында цех ішінен дайын өнімнің 30 данасы тәркіленді. Жасанды айфондар Қазақстанның өзге өңірлеріндегі тұрғындарға сатылған. Департаменттің хабарлауынша, айфондарды ішін ашпай оның жалған екенін анықтау өте қиын. Ал негізінде құрастыру бөлшектері тым арзан заттардан жасақталыпты. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 222 бабы “Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану” бойынша іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Зайсанды қар басып қалды (видео)
Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)
“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз
Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі