Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса жансақтау бөлімінен шығарылды

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Айзада Сатыбалдиева

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, актриса жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Бүгінде Айзада Сатыбалдиева есін біледі. Алайда жадғай әлі де ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Куәгерлердің сөзінше Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кетіп, актриса отырған көлікті соққан. Артынша ол оқиға орнынан қашып кетіпті. Тергеу мәліметтері бойынша, жүргізуші мас болған.

Актриса Шолпан өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты іс ІІМ-нің айрықша бақылауына алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр