Алматыда жалған ақша шығаратын типография анықталды
Типографиядан мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері бір миллионнан астам жалған теңге алды.
Алматыда жалған ақша шығару цехы әшкереленді деп хабарлады Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметі өкілі Жақсылық Мырзахан.
Оның мәліметінше, 12 қаңтарда Іле ауданында жедел іздеу шараларын жүргізу барысында ведомство қызметкерлері 1 миллион 200 мың жалған ақша өткізбек болған 32 жастағы әйелді ұстады.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағанды облысында тұрғын үйге жарылыс іздері түскен
Ақтөбелік полицейлер қарсыласқан қарулы ер адамды атып өлтірді
Астана тұрғынына подъезде темекі шеккені үшін айыппұл салынды
Талқылау