Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электр энергиясының күндізгі және түнгі тарифтері теңестірілмек

Алматыда электр энергиясының түнгі тарифы қашан тоқтатылатыны белгілі болды. 1 наурыздан бастап Алматы қаласы мен облысы бойынша барлық санаттары қолданушылар үшін электр энергиясын дифференциялау тоқтатылады.

Бұл туралы «АлматыЭнергоСбыт» хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

2018 жылдың 1 наурызынан бастап барлық тұтынушылар электр энергиясын «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің сату тарифі ұсынған көрсеткіш бойынша төлейтін болады. Сондықтан күндізгі және түнгі тариф бағасы теңестірілді.

Сонымен қатар, электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге ғана пайдаланатын адамдар қолданатын көлеміне байланысты дифференциалды тарифтерді қолдануға өтініш беруге құқылы.

2018 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының  (Іле, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласы) тұтынушылары үшін жаңа тарифтер жұмыс істей бастайды.

Алматы қаласы мен облысы бойынша тұтынушылар үшін электр энергиясының құны ҚҚС есебінсіз 1 кВтсағ үшін 16,36 теңгені (ал ҚҚС-мен 18,32 теңге) құрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысының тұрғындары 10 жылдан бері мектеп директорымен арпалысып келеді

ОҚО-да зиратты су шайып, марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

ОҚО-да 40 жыл бел жазбай станокта жұмыс жасаған еңбек ардагері зейнетақыға жарымай отыр

Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлеуге міндетті

Талқылау