Алматы облысының тұрғындары 10 жылдан бері мектеп директорымен арпалысып келеді

Латын әліпбиімен басы қатып жүрген Білім министрі Ерлан Сағадиевке бір топ ұстаз сәлем жолдады. Өйткені, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының шенділері біздің жанайқаймызға құлақ аспайды дейді.

Мектеп директорымен бір жылдан бері арпалысып келген мұғалімдер «қит» етсек қуғынға ұшырап жатырмыз деп ашулы. Одан қалса, Қайназар ауылының тұрғындары да 10 жылдан бері орнынан мызғымайтын мектеп басшысына көңілі толмайтынын айтты. Алақандай ауылдың тұрғындары министрдің өзінен көмек сұрайтындай не көрінді? Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Назгүл Әбірованың жұмыстан қуылғанына тура үш апта болған. Оқушыларға сабақ беретін уақытымда соттың табалдырығын тоздырудамын деп ашулы. Мектеп директорының қысымы қуғын-сүргін заманынан да асып түсті дейді. Соңғы бір жылда қайта-қайта сөгіс жариялап, бір топ ананың шағымымен қызметінен шығарған. Бірақ, білім бөлімінің тексеруімен негізсіз екенін дәлелдегенін айтады.

Директордың түртпегіне тек Назгүл емес, геграфия пәні мұғалімі де шыдап жүрмін дейді. Кезінде шындықты айтып, шамына тиген. Айтуларынша екі жыл бұрын ата-аналардың тарапынан мектеп директорының үстінен арыз түсіпті. Аудандағы шенділерден бастап құзырлы органдар тайлы тұяғымен келіп, білім ордасын тексерген. Алғашында ақша жинап, жемқорлыққа жол берілгені дәлелденген де екен. Тіпті, басшылары жұмыстан да қуылған. Бірақ, екі ай өтпей қайта өз орнына жайғасты дейді. Сол келгенінен күн көрсетпейтін «бәйбішеміз» болды деп отыр.

Ұстаздардың бірінен соң бірі қуғын-сүргінге ұшырауына ауыл тұрғындары да алаңдаулы. Өйткені, балаларымыз әр мұғалімнен білім алып, жетілмей қала ма деп отыр. Онсыз да директор біраз оқушыға ҰБТ-ден бал жинай алмайсыңдар деп қол хат жаздырып алып, колледждерге жіберетін көрінеді. Алақандай ауылдың жыр болған проблемасын көрмейтін министр Ерлан Сағадиев қайда қарап отыр деп күйінді.

«Мынау жыр болды ғой. 2-3 жыл болды алысып жатыр. Алады, қайта келеді. Білім министрі қайда қарайды?» – ауыл тұрғыны берік Дуанбеков.

Наразы топқа жауап берер мектеп директорын біз таппадық. Назгүл Әбірова жұмыстан қуылған күні ол да тоғыз айлық оқуға кетіпті. Аудандық білім бөліміндегілер де кабинеттерінде жоқ. Әйтпесе, сұхбатқа келісіп, өздері шақырған еді. Қоластындағы әдіскеріне бір бума құжатын дайындап беріпті. Ал, бір-бірімен тары бөлісе алмағандай қырылған ұстаздардың текетіресін Еңбекшіқазақ аудынының шенділері жатқа біледі. Бірақ, негізсіз сөгіс есітіп қызметтен қуылған мұғалімнің әлі жұмыссыз жүргенінен бейхабар екен.

Әкім орынбасары басы даудан арылмаған мектеп директорын ауыстырғысы да келіпті. Бірақ, Табысқан Абылайханов сот арқылы қайта өз орнына тағайындалды дейді. Енді осыдан соң, жіті бақылауымда болады деп сендіріп отыр. Өйткені, Назгүлді екі аптадан бері жұмысқа қабылдамай жүрген директордың міндетін атқарушы басшы да заңды белшеден басты дейді.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да 40 жыл бел жазбай станокта жұмыс жасаған еңбек ардагері зейнетақыға жарымай отыр

Семейде далада қалғандарды панасына алатын Аналар үйінде үйлену тойы болды (фото)

Алматы облысының әкімі жетім қызға пәтер сыйлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар