Алматы облысының әкімі жетім қызға пәтер сыйлады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов балалар үйінің тәрбиеленушісіне пәтер сыйлады.

Бұл жөнінде облыс басшысының орынбасары Жақсылық Омар Фейсбуктегі өз парақшасында жазды.

«Өткенде «Жетісу» телеарнасының «Болмыс» бағдарламасында Гүлім Нүркебаеваның тағдырын естіген ел егілді. Содан кейін арнайы Аналар үйіне барып, таныстым. Бар жағдайдан хабардар болған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Гүліммен кездесіп, Талдықорғаннан пәтер берді. Сәбиімен 6 айлық реабилитациядан өткеннен кейін өз үйіне ие болады», – деп жазған Жақсылық Омар.

Гүлім Нүркебаева Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап сіңлісі екеуі балалар үйінде өскен. Анасынан ерте айырылған. Әкесі жайлы мүлде білмейді. Бала күінне әке-шешесі айырылысып кеткен. Есейген соң әр жерде жұмыс істеп, колледжде білім алған.

24 жастағы Гүлім Нүркебаеваның айтуынша, алты жыл бір жігітпен кездесіп жүрген. Алайда оның ата-анасы жетім қызды келін қылуға түбегейлі қарсылық танытыпты.

«Менің туыстарым бар, мына жетім қызды келінім деп елдерге қалай көрсетемін. Егер осы қызға үйленетін болсаң, мен анаңмен ажырасып кетемін. Тойымызға үш күн қалғанда әкесі осылай қарсылық білдірді», – деген болатын «Болмыс» бағдарламасы барысында Гүлім.

Аяғы ауыр екенін айтып жігітінің үйіне барғанымен ата-анасы түннің бір уағында үйінен қуып шыққан. Кейін амалы таусылған соң Гүлім Аналар үйіне барған.

Тағы да оқыңыз:

Павлодарда күйік шалып ауыр халде жатқан сәбиді ата-әжесі отпен емдемек 

Ақмола дәрігерлері өңеші, өкпесі мен бүйрегі кем болып туған сәбиді аман алып қалды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы заттар табылды

Пайдалы сөз айтқаннан балағаттаған тиімдірек: Айжан Байзақова қалай танылғанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар