Алматыда университет жатақханасындағы студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші курс студенті қаза тапқан төбелеске қатысы бар екі күдікті ұсталды, деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның хабарлауынша, 12 сәуірге қараған түні университет жатақханасында жаппай төбелес болды. Салдарынан бірінші курс студенті қаза тапқан.
“Қылымыс жасады деген күдік бойынша аталған ЖОО-ның екі 2-ші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Өзге тұлғалардың осы құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр”, — делінген хабарламада.
Оқиға Қылмыстық кодекстің екі бабы — 106-баптың 3-бөлімі (адам өліміне соқтарған денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 194-бабы (бопсалау) бойынша квалификацияланды. Қаза тапқан студент не бәрі 17 жаста болған. Ол “орман, жер ресурстары және фитосанитария” факультетінде білім алып, оқу озаты болған. Жігіттің денесін туыстары Таразға алып кетті.
Бұған дейін студент қазасына байланысты жаңа деректер жарияланғаны айтылған еді.
Оқи отырыңыз:
17 жасында бизнесін ашқан қазақ жігіті табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді
Академик: Қазақстанның қазір 80 миллион адамды асырай алатын жағдайы бар
Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады