Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тонналаған темірдің астында жаншылып қалған қыз есін жиды

Алматыда тонналаған темір құбырлардың астында қалған қызға ота жасалатын болды. Көлік апатынан ауыр жарақат алған бойжеткеннің жамбас сүйегі үш жерден сыныпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

2_thb_1600x700x2

Айта кетейік, өткен жұма күні қаладағы Солтүстік айналым даңғылының бойында ірі жүк көлігі аударылып, үстіндегі темір құбырлар сол маңнан өтіп бара жатқан қыздың үстіне құлаған болатын.

Хәл үстінде жатқан Екатеринаның сөйлеуге де зауқы жоқ. Үш жерден сынған жамбас сүйегі тұрып-отыруға да мұрша бермейді. Ауруханаға келгелі төсекке таңылған қыз оқиғаның қалай болғанын да дұрыс білмейді.

“Үлкен-үлкен ауыр құбырлардың құлап келе жатқанын білем. Одан соң біреуден әкеме телефон соғуын сұрағаным есімде. Одан басқа не болғанын білмеймін. Қазір ауырғанды басатын дәрінің күшімен жатырмын”, – дейді Екатерина Белоусова.

Бірақ бұл оқиға сол маңайдағы машиналардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ірі жүк көлігі даңғыл бойынан солға бұрылмақшы болғанда арқасындағы ауыр темірлердің салмағы ауып, жол жиегінде тұрған Екатеринаны қағып түсірген. Тек үстінен түгел басып қалмай, содан аман қалыпты. Бойжеткенді күнделікті бақылауға алған дәрігерлер оның ағзасының дұрыстап күш жинауын күтіп отыр. Сөйтіп, бірер күнде ота жасамақ.

“Жамбас сүйектерінің сыртқы фиксациясы жасалынған, орнатылған аппарат. Енді жақын уақытта, бір аптаның ішінде жамбас сүйектерін ішкі металфиксаторлармен бекітіп қоямыз сүйегін. Одан кейін бұл науқас 1,5-2 айдай балдақ қолдану керек болады”, – дейді Алматы қалалық №4 ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Алматылық қызды ауыр жағдайға түсірген жүк көлігі Тараздан келе жатқан беті екен. Үстіндегі темір құбырларды Алматының шетіндегі мұнай базасына жеткізуі керек болыпты. Сонша жерден аман жеткен жүргізушінің өзі де мұнша қателікке ұрынғанына сенбей жүр.

“Шамамен бес жүз шақырымдай жолды аман-есен жүріп келгенмін. Соңғы бір шақырымдай ғана жол қалған еді. Құбырлардың салмағы артық болған жоқ, сым темірмен жақсылап байланған болатын. Бұрылыстан жай жүріспен-ақ өткендей едім. Бұлай боларын кім білген”, – дейді жүк көлігінің жүргізушісі Кирил Гуляев.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал жүргізуші жігіт ем-домның бар шығынын қазірден өз мойнына алған.

Тағы да оқыңыз:

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Ұятсыз би билеген бүлдіршін қыз бен бала жұртты шошытты (видео)

Талқылау