Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шетелдік қонақтарды қабылдайтын караоке атын жамылған секс-орталық жұмыс істеген

Алматыда Оңтүстік Корея азаматы шетелдік қонақтарды қабылдайтын секс-орталық ұйымдастырған. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

1374119

Алматы ІІД

Қарағандыда 47 жастағы Оңтүстік Корея азаматы караоке-бардың астынан жезөкшелердің ошағын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол Алматының қақ ортасынан зәулім үйді жалға алыпты. Қасына сенімді адамдарды жинаған бизнесмен тек шетелдік қонақтарға ғана қызмет көрсетіпті.

“Корея азаматы қазақстандық азаматтармен аса құпия және сақтық шараларын ерекше бақылауда ұстай отыра жұмыс жасаған. Әр қызметкерге жеке-жеке міндет берілген. Мысалы, Алматы облысының азаматы ЖШС басшысы ретінде тіркеліп, заңдық, қаржылық мәселелерді шешіп отырған. Ал 51 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны караоке-бардың қауіпсіздігіне жауапты болған. Ал ресми түрде мекеме әкімшісі міндетін атқарған 29 жастағы әйел, шын мәнінде жыныстық қызмет ұсынатын қыздарды таңдаумен айналысыпты. Жеңіл жүрісті қыздардың бағасы ретінде 100-300 доллар көрсетілген”, – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқарма басшысы Ерлан Оралбеков.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 309 бабы 2 бөлімі негізінде қылмыстық іс қаралып жатыр. Ал Корея азаматы болса ҚР ҚК 128 бабы бойынша уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз:

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды

Қандай жағдайда полицейлер үйлерді аралап азаматтардың тіркеуін тексереді?

Талқылау