Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достары: Сафар Шәкеев өте мейірімді жан болды (фото)

Алматы халқы танымал қазақстандық компазитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеевті ақтық сапарға шығарып салуда. Қоштасу рәсімі “Қазақконцерт” залында өтіп жатыр.

20160729094603

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Шәкеевтер отбасына белгілі әртістер, музыканттар және қоғам қайраткерлері көңіл айтуда. Ал таң азаннан бері қоштасу рәсімін ұйымдастыру жұмыстарын оны іздеуге атсалысқан барша еріктілер мен достары атқаруда.

Кіреберісте Сафардың суреті мен #берегитедругдруга хештегі жазылған. Сондай-ақ, еріктілер “We love Safar” деген жазуы бар ақ жейделер киген.

20160729094734

“Сафар өте мейірімді, керемет дос еді. Ол өте ақылды әрі талантты. Ол 7 жыл АҚШ-та оқып, ағылшын тілін таза меңгеріп, керемет дүниелер түсірді. Ол тәрбиені жақсы сіңірген ұяң жігіт болатын. Біз соңғы уақытқа дейін оны табамыз деп үміттендік. Мұндай қайғыға сену қиын”, – дейді Сафардың досы.

20160729094739

Олардың айтуынша, кеше Шәкеевтер отбасы еске алу асын берген. Барлық ерікті-қыздар оның туыстарына көмектесіпті. Достарының сөзінше, кеше компазитордың отбасына қала әкімі Бауыржан Байбек қаралы қазаға көңіл айтқан.

20160729094750

Еске сала кетсек, Сафар Шәкеевтің денесі кеше, 28 шілде күні Есентай өзенінен табылған еді. Оны қалтасынан шыққан құжаттары арқылы таныған.

20160729094804

Мамандар Сафар Шәкеевтің денесін осыған дейінтаппаған себебін айтқан еді.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Содан бері қалада жан-жақты іздеу шаралары жүргізілді. Оған 170-тен астам адам қатысты.

Олардың арасында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, еріктілер және қарапайым қала тұрғындары қатысты.

Талқылау