Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер нөмірі жоқ көлікті жабылып жатып әрең ұстады (видео)

Алматы қаласының Шаляпин және Яссауи көшелерінің қиылысында бір топ полицей нөмірі жоқ көлікті әрең ұстады. Дәл осы сәтті жолаушылар видеоға түсіріп алған екен.

ог

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Видеодан көліктің ішінде екі азаматтың отырғанын байқауға болады. Олар айналадағы көлік кептелісіне қарамастан, тәртіп сақшыларынан қашып кетуге талпынады. Ақырында полицелер олардың жолын бөгейді. Әзірге оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Бірі бұл оқиғаға күле қараса, енді екіншілері тәртіп сақшыларына бұзақыларды бірден атуға кеңес беріп жатты.

“Бұларға 11 миллион көлемінде айыппұл салу керек”, “Мұндайларды бірден атып тастау керек”, “Неткен ұят! Ең болмаса, дөңгелекке атпай ма? Сонша адам титтей жерде бір көлікті ұстай алмай… Сөз жоқ”, “Көліктің бір жерін зақымдаса, оның ақшсын кім төлейді? Бұл Еуропа немесе Америка емес, бұл Қазақстан! Бұл жерде қызметкерлер өз қалтасынан ақша шығарып жөндеп беруі мүмкін. Ататын болсаң, рапорт толтырумен боласың”, “Мекен-жайына қарасақ, Алматыда болған оқиға сияқты. Бір депутаттың баласы шығар” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер әлемдегі ең улы өрмекші шаққан баланы құтқарып қалды

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Талқылау