Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицей өзі жараланғанына қарамастан қашып жүрген қарулы қылмыскерді қолға түсірді

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері өз өмірін қауіпке тігіп, Алматыда қылмыстық жазадан қашып жүрген қарулы қылмыскерді қолға түсірді.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Полиция капитаны Ернар Арнарбаев Алматыда қарулы қылмыскерді ұстады, ол операция барысында оқ жарақатын алған, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

ОҚО полициясы мәліметінше, полицейге шабуыл жасаған Сәбит Елемеске Кентеу қаласында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ретінше іздеу салынған болатын. Биыл маусым айында Елеместің қылмыстық тобы мүшелері сотталды. Ал Елеместі іздеу жалғастырылған.

Төрт ай өткен соң қылмыстық полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүзгіру нәтижесінде Елеместің қайда екені анықталды. Алматыға қыркүйек айының соңында полицейлер тобы жіберіліп, олардың құрамында Бухарбаев Самат пен Анарбаев Ернар болған.

“28 қыркүйекте түнгі сағат он бірде Елеместі ұстау барысында іздеудегі азамат қарсылық көрсетіп, полицейлерге екі рет травматикалық қарудан оқ атқан. Жиырма жеті жастағы капитан Анарбаев жарақат алғанына қарамастан, қылмыскердің қолын кісендеп, көмекке келген «Боран» экипажына берген”, — деп хабарлады ОҚО полициясы.

Тағы да оқыңыз:

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Талқылау