Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өзін полицеймін деп таныстырған жігіт төрт шетелдік студентті тонап кетті

Алматыдағы Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ маңында төрт шетелдік студентті тонап кеткен. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

245429

“Университетке қарай бара жатқан ер адамдарға белгісіз адам келіп өзін полицей деп таныстырып, құжаттарын талап еткен. Алайда студенттер полицейдің куәлігін көрсетуін сұраған, өйткені тәртіп сақшысымын деп таныстырған адам азаматтық киімде болған. Осы кезде өтірік инспектор қалтасынан пышағын шығарып қорқытып, ақша және ұялы телефондарын талап етеді. Оқиға күндізгі уақытта басқа да адамдардың көзінше болғанына қарамастан “полицей” бұл қылығынан еш қысылмаған. Студент белгісіз ер адамға сұрағандарын беріп, бірден полицияға хабарласқан”, – деп хабарлады ІІД.

Куәгерлердің айтуынша ұры заттарды ала салысымен, жолдың арғы бетіне өтіп таксиге отырып кетеді.

“Таксистен сұрау алу барысында бір деталь анықталды: жолақысын төлер кезде тонаушыда тек 5 мың теңге ғана болады. Такси жүргізушінің қайтарым ақшасы болмаған соң, ұры дүкенге кіріп кетіп ақшаны майдалатып шығады”, – деп хабарлады полицейлер.

Бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрының кім екенін анықтады. Ол бұрын да ұрлығы үшін сотталған, өткен жылдың 30 желтоқсанында бостандыққа шыққан ер адам екен.

Зардап шегушілер де, куәгерлер де оны оңай таныған.

Талқылау