Алматыда өнерсүйер қауым Бекболат Тілеуханның кешін ерекше ықыласпен тамашалады
Кеше, 12 ақпан күні, Алматыдағы Республика сарайында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мәжіліс депутаты, жырау Бекболат Тілеуханның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Елім менің» атты шығармашылық кеші өтті.

Алтынбек Қоразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Арман Қырықбай, Мұхамеджан Тазабеков сынды танымал тұлғалар кештің қонағы болды.

Бекболат Тілеухан Доспамбет жырымен бастап Ақтамберді, Шалкиіздің жырларын, Абай Құнанбайұлы, Дулат Бабатайұлы сынды ақындардың әндерін орындады.

Тыңдармандар арасында кешті тамашалау үшін шалғай ауылдардан арнайы ат терлетіп келгендер бар. Жыраудың өнеріне шөлдеген көпшілік кеш барысында өздері қалаған әндерді де орындауын сұрап жатты.

Кеште қазақ эстрадасының әншілері Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Ибрагим Ескендір, Айгерім Қалаубаева мен “Алаш ұлы” тобы да өнер көрсетті.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайбергеновке қандай қыздар ұнайды
Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін