Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды (видео)

Әнші Қайрат Нұртас Алматыда өткен инновациялық шоу концертінде белгілі әнші, қазіргі парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен бірге ән шырқады.

Безымянный

Әнші мен саясаткер көпке бұрыннан танымал, Қазақстанның бейресми әнұранына айналып кеткен “Елім менің” әнін орындаған. Бұл ән Бекболат Тілеухан арқылы бұқараға жақсы таныс музыкалық туынды.

Қайрат Нұртас 21 желтоқсан күні “Алматы-Арена” спорт кешенінде инновациялық шоу концерт берді. Жеке ән кешінде соңғы үлгідегі графикалық көркемдеулер қолданылған.

Бейнежазбаны “Жігіттер” квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

@kair_n #Шоу#концерт# @gulziraaidarbekova 👏👍🎤🎼🎺🎹🎷🎧🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Видео опубликовано Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov)

Оқи отырыңыз:

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Ділназ Ахмадиева Батырхан Шүкеновті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады (видео)

Кентал мен Санда бір-бірінің орнын алмастыратын жұптарын тауып алды (фото)

Төреғали мен Еркенің «Алло» бейнебаянын бір жылда 17 миллион адам тамашалаған (видео)

Талқылау