Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушы желідегі «ойынның» шарты бойынша тамырын кеспекші болған

Әлеуметтік желі суицидке итермелейді. Ғаламторда жасөспірімдерді 50 күннің ішінде өлтіріп тынатын топтар қызу талқыға түсуде. Өз-өзіне қолсалуға әкелетін ойын еліміздегі ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Өйткені Ресейде бастау алған «Тихий дом», «Море китов» деп аталатын қауіпті ойындарға қызығушылар саны артқан. Тіпті соларға беріліп, өз тамырын кескен балалар анықталуда,-деп жазды КТК арнасы.

кеспек

Зума Абдуллаева – жасөспірім қызын суицидке апарар жолдан дер кезінде арашалап қалғандардың бірі. Ол перзентінің қауіпті топқа мүше болып, ойынға берілгенін көпке дейін білмеген.

«Бір күні қызымның қол тамырының жарақаттанғанын байқап, мән-жайды сұрадым. Ол өз тамырын өзі кәдімгі сызғышпен кесіпті. Қызымды бұған не итермелегенін де білдім. Содан бері оның әлеуметтік желідегі парақшасын қатаң бақылаймын»,-дейді Алматы қаласының тұрғыны Зума Абдуллаева.

Сөйтсек, 16 жастағы Диананы ойынға «Вконтактедегі» өлімге жетелейтін топтың өзі шақырыпты. Солардан келген жеке хабарламадан соң, ол ойланбастан қауіпті ойынның мүшесі болып шыға келген.
««Мен сенің жеке китіңмін. Ойын ойнайық» деген хабарламалар бірінен соң бірі келді. Шарт бойынша, ол маған тапсырма береді. Мен оны орындап, күнбе-күн фото, видео түрінде есеп беріп отыруым керек»,-деп түсіндіреді Дина ғаламтор ойындарын.

Қатысушының өз-өзіне жарақат салуы 50 күнге созылатын ойынның бастамасы ғана. Ал соңы суицидпен аяқталады. Жеңіс те осы екен.
Талай ресейліктің өмірін қыршынынан қиған ойын біздің елде де етек алып барады. «Инстаграм» мен «Вконтактедегі» суицидке итермелейтін қай топты ашсақ та, белсенді қазақстандықтар толып жүр. Кейбір жасөспірімді топ жетекшілері шақырса, кейбірі қауіпті ойынға өздері қызығады екен.

Жастарды «Тихий дом», «Море китов» деп аталатын ойындарға тартатын топтардың санында да шек жоқ. Кейбірінде суицид туралы ашық жазылады.

«Ойынға негізінен 9-13 жас аралығындағы жеткіншектер тартылады. Дәл осы кезде олар өте ерме болады. Ұйымдастырушылар психологиялық тұрғыда әлсіз балалардың жанды жерінен ұстай біледі»,-дейді психология ғылымдарының докторы Раушан Кәрімова.

Сондықтан баланы жіті қадағалау керек дейді психологтар. Ал қауіпті топтар елімізде бірінен соң бірі бұғатталуда. Бірақ бұл топ ашатындарға тосқауыл болмай тұр.

Адвокаттармен бірігіп, Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурадан суицидке апаратын топтарға қатысты ақпарат сұрадық. министрлік прокуратура айналысады деп жауап берді. Ал Бас прокуратура керісінше министрлікке сілтеді.

Былтыр депутаттар 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге кіруіне заңмен тыйым салу туралы бастама көтерген болатын. Бірақ ондай шара әлі қабылданған жоқ.

Оқи отырыңыздар:

Атырауда прокурордың көмекшісі өзін-өзі әріптестерінің алдында өртеді

Ресейде ер азамат балаларын бақшаға кіргені үшін балғамен ұрып өлтірді

Қазақстандық қыздарға шетелде жезөкшелік қызмет ұсынылуда (фото)

Шымкентте 91 тобының жанкүйерлері зейнеткерлерге тегін жүруге жағдай жасады  

Талқылау