Алматыда Матаева Гаухар есімді 46 жастағы әйел жоғалды
Алматылық Матаева Гаухар Мұқанқызына жақындары іздеу жариялайды. 46 жастағы әйел 17 ақпан күні жұмысынан таңертің шығып, үйіне содан бері оралмаған.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жақындарының айтуынша, еден жуушы болып, небәрі екінші күн жұмысына барған Гаухар Мұқанқызын, қалалық №8 емхананың басшылығы, сол күні жұмысынан шығарған екен.
“Аяғын сылтып басатын келіншек, жұмысын баяу істейді, сол себепті жұмыстан босаттық, – деп жауап беріпті. Содан бері үйіне оралмаған әйелдің үстінде ұзын қызыл күрте, сұр түсті спорттық киім, басында ақ тақия болған. Қолында сумкасы мен ақ пакеті бар”, – дейді емхана басшылығы.
Айрықша белгілері: оң аяғын сылтып басады. Гаухардың жақындары, әйелдің 9 жыл бұрын алған психологиялық күйзелістен есін ұмытып қалуы мүмкін дейді. Сондықтан суреттегі әйелді көрген-білген адамдар болса, хабарласуын өтінеді.
“Аурухана бойынша ғана достары болатын, басқа жоқ. Өйткені, аяғы сынғалы бері бір жыл бойы үйінде отырған болатын. Ешқайда шықпай. Туған туыс, жақын достарының бәріне хабарласып, біліп шықтық. Ауруханаға да хабарластық, ол жақтарда да жоқ”, – дейді қызы.