Алматыда Марат қажының жас тоқалын перзентханадан шығару кезінде жолдар жабылды (фото)
Бүгін жұрт Сары әулие атап кеткен Марат қажының ең жас тоқалы перзентханадан шықты. Марат қажы ең кішкентай қызы Сұлтанды шығарып алу салтанатына ерекше дайындалғанын Stan.kz тілшісіне өзі айтты.
” Салтанатты шараға орай жасалған 15 шақты көлік Алматы халқын шулатты. Гүлиярды қарсы алған адамдар саны 200-ге жетті. Олар қуаныштан шеру жасап, екі автожолды жауып тастады”,-деді Марат қажының өзі.
Суретте Марат қажы мен оның жары Гүлиярдың отбасылық достары мен туыстары. Олар перзентхана маңына бір сағат бұрын келіп, Сұлтан есімді сәби мен оның анасын тосып алу шарасына дайындалып тұр.
Суреттегі Марат қажының ең кенже қызының кіндік шешесі- Гүлбайрам ханым. Періштеге есімді берген де осы кісі екен.
Мерекелік шараға арнайы безендірілген көліктер.
Ең ерекшесі Марат қажы жарына ана атанғаннан кейін мынадай сыйлық жасаған.
“Мен жарыма Құран кітап пен “Алтын әйел” деп жазылған салпыншақ сыйға тарттым. Ол осындай құрметке лайықты жан”,-деді Марат қажы.
Марат қажының кенже тоқалы құрбыларымен. Қыздар Гүлиярды ана атануымен құттықтап келген екен.
Марат қажының Гүлияр есімді келіншегі.
Оқи отырыңыз:
Қазақтың әсіп тағамын өз қолыңызбен жасап көріңіз (фото)
Қойдың басын қалай асқан дұрыс: тісімен немесе тісін қағып (фото)
Адыраспанмен үйді, көлікті, баланы аластау қаншалықты дұрыс? (фото, видео)