Алматыда локдаун енгізіле ме: Бекшин жауап берді
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жандарбек Бекшин қаланың жабылуына қатысты пікір білдірді. Ол қазіргі таңда медициналық төсек орындар бос екенін айтты. Егер медицинаның қауқары жетпейтін болса, қаланы жабу мәселесі қозғалмақ.
"Әрине, қазіргі ахуал күрделі. Бірақ қыстан бері жасаған дайындығымыз қазіргі жағдайдан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде 7 011 төсек-орын бар. Бос төсек-орын саны 44,9 пайыз. Жансақтау бөліміндегі төсек-орындардың 62 пайызы бос. Сондықтан жағдай Қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының бақылауында, мәселе күнделікті бақылауда. Алаңдататын проблема жоқ. Себебі бәрі ауруханаға дер кезінде жатқызылып жатыр. Олардың саны 250-270 шамасында, 500-ге жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі таңда локдаун, қаланы жабу деген әңгіме қозғалған жоқ", - деді Бекшин.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн