Алматыда көпірден секіріп мерт болған қыз үйінен жанжалдасып шыққан
Алматы қалалық полициясы көпірден секіріп көз жұмған қызға қатысты жаңа ақпаратты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 жастағы бойжеткеннің Алматы қалалық жүйке аурулары диспансерінде есепте тұрғанына 11 жыл болған.
“Марқұм шизофрения дертімен ауырған. Әпкесінің айтуынша, олар үйіне ұрысып қалыпты. Сол себепті қыз көпірден секіріп кетуге бел буған. Болжам бойынша, ол өзіне қол салған”, – дейді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Қыздың өлімі көлік соққан соң болса, жүргізуші жазаланады. Ал, марқұм жерге құлағаннан мерт болғаны анықталса, онда жүргізуші босатылады. Үстінен адам құлап жатса, ол не істей алады?», – деді Салтанат Әзірбек.
Қайғылы оқиға 2 тамыз күні түнде болған еді. Бір қарағанда, «Хюндай» көлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болып көрінген. Алайда шын мәнінде бойжеткен көпірден секірген.
Тағы да оқыңыз:
Петербор тұрғыны КСРО күйрегелі бері үйінен шықпаған
Алматылықтар құдалыққа уақытынан ерте келген қызылордалықтарды үйлеріне кіргізбей қойған
Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емханасын ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды