Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізген мас әйел өзін тоқтатпақ болған екі полицейді қағып кетті (видео)

Алматыда мас әйел полицейлердің жағасынан алды. Ол инспекторға көлік ішінде кәмілет жасқа толмаған баласы барын айтып сес көрсеткен.

591a7ef2ea860953262389

Жүргізуші әйел өзін тоқтатқан полицейдің талабын орындамаған. Тіпті, екі полицейді қағып кеткен. Кейін ізіне түсіп тоқтатқан соң әйел жанжал шығарды, деп хабарлайды patrul.kz.

591a7e970055f344693134

Әйелден құжатын оңайшылықпен ала алмаған соң полицейлер көліктің кілтін тартып алады. Осы кезде жүргізуші әйел инспектордың жағасынан алған. Жанжал үш сағатқа созылды.

591a7f0bf3ce4429131633

Полицейлер жүргізушіге алкогольдің иісі шығып тұрғанын айтып, сараптамадан өтуін сұрайды. Мас әйелді сараптамадан өтуге көндіру де полицейлерге оңайға түскен жоқ.

Сараптама нәтижесі бойынша алкотестер орташа масаңдық деңгейін көрсетті. Жүргізушінің баласы әкесімен бірге үйіне жіберілді. Ал, көлік айып тұрағына жеткізілді.

Тағы да оқыңыздар:

Бойжеткен ұятсыз әрекеттер жасатқан жігіті өзін бопсалайды деп қорқады

Алматыда 23 жастағы ана үшемді өмірге әкелді (фото)

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Талқылау