Алматыда 23 жастағы ана үшемді өмірге әкелді (фото)

Сәрсенбі, 17 Мамыр , 2017 12:24

Алматы қаласындағы Перинатальды орталықта биыл төртінші рет үшем дүниеге келді.

3-bala-1-1-640x480

Өмірге үшемдердің келуі көбейген сайын қазақ қуануы тиіс. Ұлт қамын, ұрпақ қамын ойлаудың бір жолы осы. Жас отбасы Әділ Ағытаев пен Нұр­сәуле Берікқызының қуаныштарының орны тіпті бөлек. Өйткені, бұл үшем – олардың тұңғыштары, деп жазады Айқын басылымы.

23 жасында Ералы, Нұрәлі және Хадиша есімді нәрестелерді дүниеге әкелген Нұрсәуле мен олардың ден­саулығын қадағалаған ақ халаттылардың да айтары – ұлтымыздың көбейгені керек.

Дәрігерлердің айтуынша, үшемнің салмақтары әртүрлі. Ералы мен Нұрәлі – 1800, 1652 грамм болса, Хадишаның сал­мағы – 1714 грамм. Қазір ананың да, нә­рес­телердің де денсаулығы жақсы. Олар күні кеше перезентханадан шығып, үйле­ріне қайтты.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өткен төрт айда перзентханалар мен перина­тальды орталықтарда 13 665 нәресте өмірге келген. Олардың арасында 182 егіз және 4 үшем бар.

Тағы да оқыңыз:

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Тойға өтірік қонақ болып келіп ұялы телефон жымқырумен айналысқан атышулы ұры қолға түсті

Интернетте ҰБТ жауаптары саудаланып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар