Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойға өтірік қонақ болып келіп ұялы телефон жымқырумен айналысқан атышулы ұры қолға түсті

Алматыда үйлену тойы кезінде мейрамханаға кіріп ұялы телефон ұрлап кеткен атышулы ұры ұсталды.

2a9de796-1966-4de7-aadf-2464e3b3e717

Бұған дейін бейтаныс ер адамның тойға қонақ секілді кіріп алып, ұялы телефон ұрлап жүргені туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ұсталған күдікті Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екен.

“Жас жігіт той болып жатқан мейрамханаға келген. Сұрағандарға өзін құда жақтанмын таныстыратын ер адам әрі тойлап, әрі қылмыспен айналысқан. Сосын үстел үстінде ұмыт қалып кеткен ұялы телефондарды алып тайып отырған”, – дейді Медеу аудандық полиция басқармасы басшысы Есен Ысқақов.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, ҚР ҚК 188 бабы “Ұрлық” бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Премьер-министр тараздық оқушы баланың ерік-жігеріне таңғалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектебінде әлімжеттік өршіп тұр

Интернетте ҰБТ жауаптары саудаланып жатыр

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі үндеу жолдады (видео)

Талқылау