Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік қағып, ағаш түбіне тастап кеткен бала әлі комада жатыр

Дәрігерлер көлік қағып кеткен баланың денсаулығы жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда көлік қағып, ағаш түбіне тастап кеткен бала әлі комада жатыр

Баланың жағдайы ауыр, оның өмірі үшін дәрігерлер барын салуда.

«Бала өте ауыр жағдайда түскі сағат 12:00 шамасында ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде түрлі мамандардан мультидисциплинарлық команда құрылды. Соққыдан баланың самай сүйегі 4-5 жерден шытынап, сынған.   Дәрігерлер декомпрессивті трепанация отасын жасап, ұйыған қан мен сүйек жарықшақтарын тазалады. Қазір біз мидың ісінуін басуға тырысып жатырмыз. Өйткені ауыр ашық ми жарақаты кезінде ми ісінеді», – деді Дінмұхаммед Рузуддинов.

Мамандар баланың жасанды тыныс алып жатқанын айтты.

«Бала әлі есін жиған жоқ. Әлі жасанды тыныс алу аппаратына қосулы. Жағдайы бірқалыпты. Баланың миы ісініп келді. Әлі ісіну клиникасы қайтқан жоқ. Оның болашағы туралы қандай да бір болжам айтуға әлі ерте», – деді маман.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Шығыс айналма автожолында белгісіз жүргізуші 5 жасар баланы қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан. Әлеуметтік  желілерде баланың отбасының таныстары хабарлағандай, жүргізуші баланы қағып кеткеннен кейін оны көрпеге орап, жолдың шетіне тастап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау