Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлігін бассейнге айналдырған жүргізушіге іздеу жарияланды

Машинасының артқы бөлігін суға толтырып, көше кезген жүгенсіз жүргізушіні полицейлер іздеп жатыр. 4 жігіттің пикаптың жүк салғышында демалып отырған видеосы ғаламторда таралды. Тіпті өздері жасап алған бассейндегі суды әрі-бері шашып, ойына келгенін істепті. Десе де, мұндай заң бұзушылық үшін әбден көңіл көтерген жігіттер емес, көліктің жүргізушісі жазаланбақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Bezymyannyy-26

Мұндай көріністі алматылықтар бұрын-соңды көрмеген. Сондықтан көлікті бассейнге айналдырып, көше кезген тентектердің әрекеті көпті таң қалдырды. Тіпті, олар жүк салғышта суға шомылғанымен қоймай, суды әрі-бері шашып, көшенің бойында ойына келгенін істеген. Есесіне мұнысына өздері де, пикаптың жүргізушісі де дән риза.

Жылжымалы бассейнде көңіл көтерген төртеудің бұл әрекетін жұрт қызу талқылап жатыр. Көбі мұны аптап ыстықтан қорғанудың амалы деп тауып, жігіттердің тапқырлығына тәнті болды. Енді бірі жол қозғалысына қауіп төндірген есерсоқтарды жерден алып, жерге салып жатыр.

Соңғы кездері жүк салғышпен кішкентай балаларды тасымалдайтындар да көбейіп кеткен. Мәселен, мына видеода «Wolksvagen-нің» артында бүлдіршіннің жатқаны анық көрінеді. Бұл үшін оның жүргізушісі жауапкершілікке тартылған. Яғни, 22 мың теңге айыппұл арқалапты. Ал өзі баланы жүк салғышқа қамауын көліктің тым тар болуымен түсіндірген.

“Оның сөзіне айтатын болсақ, біраз адамдар автокөлігіне сыймаған, сондықтан да кішірек балаларды сол артқа қарай тиейін деп. Енді бұл қауіпті ғой деген сұраққа, оны білем, бірақ амалым болған жоқ деп әлек айтуда”, – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Осылай жүк салғышты орынсыз пайдаланатындар апатты жағдайларға себеп болуы мүмкін дейді полицейлер. Яғни, көңіл көтеремін деп, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жолды ойыншыққа айналдырмау керектігі қатаң ескертілген.

Ал машинаны бассейнге айналдырған тентектер полицейлердің өзін таң қалдырған. Өйткені мұндай жағдай қалада бірінші рет тіркеліп отыр. Алайда заң бұзушылық үшін тек көліктің жүргізушісі жазаланады екен. Онда да айыппұлмен құтылмақ. Ал жүк салғышта шомылғандарға заң бойынша жаза қарастырылмапты.


Жіберіп алмаңыз:

Төлешов былығын жасыру үшін салықшыларға қанша пара бергенін айтты

Енді жүргізушілер куәлігін кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыра алады

Жүргізушіге қол көтерген полицей видеоға түсіп қалды (видео)

АҚШ-та оқып келген қыз “Болашақ” бағдарламасы орталығын сотқа берді

Талқылау