Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қоқыстан денесі бөлшектеніп табылған марқұмның артында аяғы ауыр әйелі қалған

Алматының қақ ортасынан кесілген басы мен қолы табылған азаматтың артында аяғы ауыр жұбайы қалға, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

345345252

Қазір келіншектің іштегі баласы төрт айлық. Ал 25 жасына бір ай ғана жетпеген марқұм бүгін жерленді.

Достарының айтуынша, мерт болған жігіт жақында ғана Алматыдағы беделді оқу орындарының бірін аяқтап, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды бастапты. Қайғылы жағдай болатын күні ол әдеттегідей жұмысқа кетіп, кейін телефонын алмай қойған. Келесі күні оның бөлшектенген денесі тұрғынүй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған болатын. Әрбір дене мүшесі жеке-жеке пакеттерге салынып, барлығы бір сөмкеге жиналыпты. Сараптама орталығының мамандары өлім алдында марқұм аяусыз соққыға жығылған дейді. Қанды қылмыс себебін қазір полиция анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда қоқыс жәшігінен кесілген адам басы мен қолы табылғанын хабарлаған едік. Оны қоқыс ақтарып жүрген ер адам тапқан. Айтуынша, спортық сөмке ішінде шүберекке оралған екі пакет болған. Оның бірінде 25-30 жас шамасындағы ер адамның басы, екіншісіне қолы салыныпты.

Талқылау