Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда киімдерді тегін тарататын дүңгіршек ашылды

Енді Алматыда киімге мұқтаж жандар ұнаған киімдерін тегін алып кетеді.

Безымянный

Бұл туралы “Алматы” телеарнасы хабарлайды.

Тек рахмет деген бір ауыз жылы сөзін айтса болды дейді қожайын. Киімдерден бөлек шағын дүкеннен ойыншықтарды да табуға болады. Қазірдің өзінде дүкенге қызығушылар саны артқан. Шараны ұйымдастырушылар халықтың көбірек ат салысуы үшін әлеуметтік желіні де іске қосыпты. Бұндағы киімдер жаңа емес. Бірақ, тың бастаманы естіген жұрт үйінде артық киілмей жатқан заттарды әкеліп жатыр.

«Керек қой бұндай дүкен. Елдің бәрі жаңа киім сатып ала алмайды. Мысалы, біз үлкендердің және балалардың киімдерін әкеп тастаймыз. Бұл қажет іздеген адамдарға жақсы көмек»,- деді Алматы қаласының тұрғыны Қамар Жұмағұлова.

Қайырымды жандар арқылы ашылған дүкендегі заттардың арасынан қымбат, бренд киімдер де кездеседі. Тіптен кейбір адамдар велосипед, балалардың қымбат ойыншықтары мен тұрмыстық техникаларын да тегін тарату үшін келетін көрінеді. Бірақ ол заттардың барлығы шағын дүңгіршекке симағандықтан ұйымдастырушылар енді оларды ғаламтор арқылы елге жария етпек.

“Басында тегін беріледі деп естігенде сенбеген ем. Келіп көрсем рас екен. Отбасыма қажетті екі дорба киімді таңдап  алдым”,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Азиза Матназарова.

Оқи отырыңыз:

Қазақ халқы ауа-райын құстарға қарап қалай болжаған

11 жасар Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылған (видео) 

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Шымкенттік азамат үйінде банан, киви, ананас жемістерін өсіріп жатыр

Талқылау