Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) 1964 жылы туған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

«2017 жылдың 16 қаңтарында Алматыдағы Алатау ХҚКО-да 1964 жылы туған Жарас Кунтаков есімді азамат қайтыс болды. Марқұм жолдасымен бірге ХҚКО-ға «мекен жай бойынша азаматтарды тіркеу» талабы бойынша сағат 9:30-да келген. Бұл уақытта аталған ХҚКО-да халық көп жиналмаған. Ол жолдасы құжаттарды толтырып жатқан уақытында электронды кезек талонын алмақ болған, алайда оны алып үлгерместен 09:42-де өзін нашар сезіне бастаған. Оған ХҚКО-да кезекшіліктегі дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетті. 09:52-де «Жедел жәрдем» көлігі келіп жеткен. Алайда, дәрігерлер оның жанына араша түсе алмады», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» хабарламасында.

Аталған корпорация созылмалы сырқаты бар адамдарға ХҚКО-ға кісі көп жиналған уақыттарда бармау керегін ескертеді. Бұған дейін 11 қаңтар күні Алматы облысы Іле ауданындағы ХҚКО-да бір адам қайтыс болған.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Талқылау