Алматыда келушілері жаппай уланған мейрамхана әлі күнге дейін қызмет көрсетуде
Алматыдағы келушілері тамақтан уланған мейрамханаға қадағалаушы ұйымдар бір де бір рет тексеруге келмеген. Мекеменің санитарлық талаптары сақтамағаны анықталған.
Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.
Айта кетейік, 10 наурызда Алматыдағы мейрамханадан тамақатан 18 адам уланған еді. Оның 11-і дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 9-ының диагнозы — сальмонеллез, қалғандары өткір ішек инфекциясымен ауырған.
Мекеменің иелері санитарлық дәрігерлерді шатастырып, мейрамхананың кем дегенде 50-ге жуық адамға арналғанын көрсеткен. Шындығында, олар одан екі есе көп қонақ қабылдай алады. Жаппай уланудан кейін мейрамханадан санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды.
“Дайын тамақ өнімдері мен жартылай дайындалған тағамдардың таза емес екені анықталды. Яғни, дайын тағам лас тәрелкеге салынып немесе лас жерге кесілген немесе лас пышақ пайдаланылған”, – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тамақтану мекемелерінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы Лариса Лян.
Соттың мейрамхана қызметін тоқтата тұруы туралы шешім қабылдағанына қарамастан, мекеме жұмысын жалғастырып, қонақ қабылдауда.
Тағы оқыңыз:
Павлодар облысының тұрғыны жиенін жұдырықпен ұрып, 15 тәулікке қамалды
Ақмола облысында экс-әкім өзінен таяқ жеген баланы сотқа берді
Қазақстандықтар жылдың соңына дейін мобильді телефондарын тіркеп үлгеру керек
Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандықтың балаларын тартып алды