Алматы облысында ер адам мас күйінде анасын қатігездікпен ұрып тастаған

Алматы облысының 42 жастағы тұрғыны анасын қатігездікпен ұрып тастаған. Егде жастағы әйелдің түрлі жарақат алып, миы шайқалған, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Оқиға Райымбек ауданының Кеген ауылында орын алған.

Зардап шеккен әйел 18 желтоқсан күні дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.

Бастапқыда әжей жарақаттануының себебін жасырмақ болған. Алайда тәртіп сақшылары егде жастағы әйелді өзінің ұлы ұрып-соққанын анықтады.

Ер адам тұтқындалып, аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Райымбек ауданы бойынша АІІБ полицейлері қылмыстық тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Тұтқындалған ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Полицейлер ер адамның мас күйінде өзінің егде жастағы анасын ұрып-соққанын анықтады. Ол ұрыс кезінде анасына көсеу лақтырған. Салдарынан әжейдің басы жарақаттанған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды (фото, видео)

Алматыда қаскүнем жалғызбасты ананы зорлап, артынан өлтіріп кеткен

Қыз әкесін табамен ұрып өлтіріп, мәйітін унитазға ағызып жіберген

Көпір үстінде рельстен шығып кеткен вагон күре жолға құлады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр