Алматыда еліміздің тұңғыш үкімет басшысы Ұзақбай Қарамановты ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы драма театрда ҚазКСР тұңғыш премьер-министрі, мемлекет қайраткері Ұзақбай Қарамановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Марқұммен қоштасу қаралы жиынына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, министрлер мен депутаттар қатысты. Жиын барысында шаһар басшысы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
“Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді”, – деді қала басшысы.
Көрнекті қайраткер 25 қыркүйек күні 80 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Айта кетейік, Ұзақбай Қараманов 1990-1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болған. 1991 жылдың қазан айынан 1995 жылға дейін ҚР мемлекеттік кеңесшісі болып қызмет атқарған. 1999 жылдың қазан айынан ҚР парламенті мәжілісі 2-шақырылымының депутаты, ал 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін ҚР парламенті мәжілісі 3-шақырылымының депутаты болды.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында бастауыш сынып ұстазы асылған күйінде табылды
“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті
Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр