Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі ер кісі электрші кейпінде зейнеткерлерді алдап келген

Ұсталғандар қарт кісілерден электр есептеуіш құралының сәйкессіздігі, жасанды акт үшін ақша бопсалаған.

1207838

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері тек қарт кісілерді алдап келген 23  және 24 жастағы екі жігітті ұстаған, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  “Қаскөйлердің бірінші құрбаны “Горный Гигант” ықшамауданының 70 жастағы тұрғыны болған, ол өздерін электршіміз деп таныстырған екі адамды үйіне кіргізген.

1207919

Сонымен қатар, зейнеткер оларға сөзсіз сеніп, құжаттарын да тексермеген. Жалған электршілер құрылғыны тексеріп болғаннан кейін үй иесіне қатаң заңбұзушылық болғанын айтып, ірі көлемде айыппұл салынатынын мәлімдейді. Сол мезетте құжаттар толтырып, зейнеткерден 20 мың теңге сұрайды. Әзірге тергеуге осындай екі жағдай ғана белгілі”, — деді Медеу аудандық ІІБ полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Зардап шегушілердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды полицияда. Сондай-ақ, қазіргі уақытта екі күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Зардап шеккендер мына нөмірлерге хабарласа алады: 254-48-00 және 254-48-01.

Жіберіп алмаңыз:

Имам Алматы мешіттерінде біраздан бері ұрлық жасап жүрген жігітті ұстап алды (видео)

Бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберген әйел қайтыс болды

Шымкентте әйелі күйеуінің өз туған қызын зорлап жатқан жерінен үстінен түскен

Шымкентте қираған ғимараттан бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Талқылау