Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі әйел ер адамды өртеніп жатқан үйінен аман алып шықты

Алматының екі тұрғыны мен ұлы марапатқа ұсынылмақ. Олар өртеніп жатқан үйден ер адамды аман алып шықты.

Фото: Алматы ТЖД

Алмат қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жароков пен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында 4-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде н өрт шықты. Пәтердегі 46 жастағы Еркін Төрегелдин киімдері өртеніп жатқанда ұйықтап жатқан. Оянғанда түтінге тұншығып, сыртқа шыға алмай қалады. Дереу балконға шығып, көмек сұрай бастайды.

Оны төбедегі көршісі Андрей Мойсеев естіп, 101 қызметіне хабарласады. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше, Андрей анасы Аннамен, және көршісі Наталямен бірге Төрегелдиннен балконның жақтауына тұруды сұрайды. Олар ұстап тұрып көршісін өз пәтеріне түсіріп алады.

Осы кезде Андрей жарылыс болмас үшін подъездегі газ колонкасын жабады.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер ер адамды екі нәзік әйелдің құтқарып қалғанын естіп таңғалады. Әйелдің өз өміріне қауіп төндіре отырып, көмекке қолын созған. Олар ауыр салмақтан өздері де төменге құлап кетуі мүмкін еді.

Зардап шегушінің қолы мен тізесін екінші дәрежелі күйік шалған. Жеңіл түрде уланған. Ауруханаға жатудан бас тартты.

Алматы ТЖД ер адамды құтқарған көршілерін алғыс айтып, алдағы уақытта марапаттамақ ниетте.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 18 Қаңтар, 2019 18:08
Талқылау