Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда егіз балаларын өлтірген ата-анаға үкім шығарылды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тоңазытқыштан табылған егіздердің ата-анасына қатысты үкім шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Фото: inform.kz

Сот Гильмутдиновты 20 жылға бас бостандығынан айырды, ал Алла Волченко 18 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді. Екеуі де маскүнемдіктен емделеді.

Гильмутдинов сотта кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді, Алла Волченко үлкен ұлы – екі жасар Равильге қатысты ата-ана құқығынан айырмауды сұрады.

Сот үлкен ұлды әкімдік жанындағы қамқоршылық органдарына беруге қаулы шығарды.

29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 7 тармақшаларында (Кісі өлтіру) және 119-бабында (Қауіпті жағдайда қалдыру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды.

Бұдан бұрын, екі жақтың пікірсайысы кезінде мемлекеттік айыптаушы, Гильмутдиновті өмір бойына, оның әйелі Волченкоға 19 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Айта кетейік, қыркүйекте жалдамалы пәтердегі істен шыққан тоңазытқыштан 1 жасар егіз бала табылған еді.

Тағы оқыңыз: 

Италияндық дәрігер жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өз қолымен өлтіріп келген

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды (фото)

Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

Талқылау