Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігер қате операция жасап алты айлық баланың өмірін қыл үстінде қалдырды

Алматыда дәрігер хирург кәсіби қызметін дұрыс атқармағаны үшін кінәлі деп танылды. Шартты түрде сотталған ер адам ҚР “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты амнистия” заңымен босап шықты.

Алматыда дәрігер қате операция жасап алты айлық баланың өмірін қыл үстінде қалдырды

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

“Санаторий Казахстан” АҚ-да істейтін дәрігерге досы хабарласып, кішкентай ұлының несеп шығару жолындағы қиындықты емдеуді сұрайды. Әлі алты айға толмаған баланы қажетті диагностикалық тексеруден өткізбеген дәрігер операция жасауға шешім қабылдайды. Дәрігер телефон арқылы баланың жыныстық органындағы ақауды анықтаған. Ал өз досының кәсібилігіне күмәнданбаған ер адам баласын санаторийге алып келген.

Балалар хирургиясы мен балалар урологиясынан хабары жоқ, ешқандай тексерусіз баланы операция үстеліне жатқызып, ондағы “фимоз” диагнозын телефон арқылы анықтай салғанын дәрігер мойындаған. Лидокаин екпесі түріндегі анестезияны қолданып, баланың жыныс мүшесіне операция жасайды. Содан кейін қан кеткен жерді емшектегі балаға қолдануға болмайтын дәрімен сүртеді. Нәтижесінде некроз ұлғайып (жансыздану) жыныс мүшесі ауру жұқтыру қауіпін арттырған. Бұл баланың денсаулығына төнген аса үлкен қауіп еді.

Оның қате операция жасағанын Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мамандары да дәлелдеп береді. Осы операциядан кейін зардап шеккен балаға қалпына келтіру операциялары жасалуы керек. Сондай операциялардың бірін Мәскеуден келген дәрігерлер жасаған.

Ал дәрігер хирург сот үкімімен медициналық қызметпен 3 жылға дейін айналыса алмайтын болды. Сондай-ақ, ол 244 734 теңге көлемінде материалдық, 700 000 теңге көлемінде моральдық шығында да өтеп беруі тиіс.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр