Алматыда BMW жүргізушісі қоршауға соғылып көз жұмды (фото)
Алматыда 29 жастағы BMW жүргізушісі қоршауға соғылып көз жұмды.
Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
BMW автокөлігі солтүстік айналма жолымен оңтүстікке бағыт алып бара жатқан. Кенеттен жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қоршауды қиратып тоқтады. Соққыдан қоршаудың метал сынықтары жүргізушінің басына кіріп кеткен. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Көліктен ер адамның денесін шығарып алу үшін Құтқару қызметіне қоршауды кесуге тура келді.
Қазіргі уақытта жол апатының мән жайын полиция анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Ақтауда көлік кептелісіне тап болған жүргізушінің бірі екіншісін пышақтап кеткен
Үндістанда ер адам өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісін өртеп жіберді
Баян Алагөзова тарихи телехикая түсірудің қиындығы туралы айтып берді
Әнші Бағлан Әбдірайымов басы дауға қалған Төреғали Төреәліні сын астына алды