Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгілі блогер қызды “алып қашып” кетті (видео)

Ғаламторда алматылық қызды алып қашу оқиғасы кең тарап кетті. Бір тәулік ішінде бұл ролик 200 мың рет қаралған.

Алматыда белгілі блогер қызды “алып қашып” кетті

Бұл алып қашу оқиғасы шындығында әдейі ұйымдастырылған болатын. Бойжеткен мұның достарының әзілі екенін айтады.Нағиманы пранкерлер құрбысы арқылы алдап шақырады. Мұның пранк екенін Нағиманың әбден алданған кезінде бір-ақ айтқан.

“Мен мұндай жағдайды алғаш рет басымнан өткеріп тұрғандықтан өте ауыр тиді. Әріптестерім осылаша әзілдегісі келген. Мені әлі де қорқыныш сезімінен айыға алмай жүрмін. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, бәрін ақылмен шешу керек. Ашуға бой алдырмай, әділеттілікке жүгіну керек. Бұл менің қолымнан келді деп ойлаймын. Жігіт қызға үйленгісі келсе, онымен келісуі керек. Алып қашқан қыздардың өз еркі болмаса, дегеніне көнбей күресіп, сот арқылы шешіңдер деп кеңес берер едім”, – дейді Нағима.

Тағы да оқыңыз:

Нағашылары қазақ Кристиан Костов “Евровидение-2017” байқауында ІІ орын алды (видео)

Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)

Талқылау