Алматыда бар тазалықшысы қонақтардың бірі ұмытып кеткен 5 млн теңгені қайтарды
Суши-барда тазалықшы болып жұмыс істейтін әйел 5 млн теңгесі бар барсетканы тауып алып, иесіне қайтарған. Бұл әрекетіне риза болған бар басшылығы қарамағындағы жұмысшыға сыйақы бермек, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Суши-бардың әкімшісі Әділет Әбіловтің айтуынша, оқиға 1 қараша күні болған. Екі ер адам барда кешкі ас ішіп, барсеткасын ұмытып кеткен.
«Артынан білгеніміздей, Бақыт есімді тазалықшы үстел үстінен барсетканы көрген. Ол чектен барсетка иесінің нөмірін тауып алып, хабарласқан. Бірақ бізге ештеңе айтпады. 40 минуттан кейін барға Темірлан есімді ер адам келді. Бақыт ішінде 5 млн теңгесі бар барсетканы иесіне қайтарды. Қуанышында шек болмаған қонағымыз Бақытқа алғыс айтып, 100 мың теңге ұсынды. Бар әкімшілігі айдың аяғында оған алғыс білдіріп, сыйақы береміз», – дейді Әділет Әбілов.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да аспаз ұрлығын кешірген дәмхана иелерін қайта тонап кетті
ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған
Еліміздегі тойлардың бірінде орын алған оқиға жұртты күлдірді (видео)
Бауыржан Байбек жаңбыр кезінде Алматы көшелеріне тал отырғызды