Алматыда балаларды зорлау оқиғасы: Балабақша директорына сот үкімі шықты
Алматыда №1 балабақша директоры Гүлмаржан Шұнаева мен қалалық білім басқармасының бас маманы Сәуле Мұхақожаеваға қатысты сот үкімі шықты.
Балабақша меңгерушісі 4 бап бойынша істі болды, деп хабарлайды Sputnik.
2016 жылы БАҚ-та видео жарияланып, онда 10 жасар бала бұрынғы тәрбиеленушінің өзін қалай зорлағаны айтылды. Мекеме басшысы мұны баланың сандырағы деп санаған. Алайда полицейлер бұл істі өздері қолға алды.
2016 жылы Гүлмаржан Шұнаева қызметінен шеттелді. Балабақша тәрбиеленушісі 15 жылға сотталды. Гүлмаржан Шұнаева бұл іске қатысы жоқ деп қылмыстық топтан босатылды. Алайда өзге бап бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Сәуле Мұхақожаева кінәлі деп танылып, 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Екі айыпталушы да кей қызметті атқару құқығынан шеттетілді.
Тағы да оқыңыз:
«100 жаңа есімге» кірген азаматтар елбасымен кездеседі
Қазақ-өзбек шегарасында болған атыс жұртты шошытты
Қазақстанның бас мүфтиі Бердібек Сапарбаевқа ерекше тұмар сыйлады