Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыда әйел кеудесіне ота жасатқаннан кейін қайтыс болды. Хирург жазаланған жоқ
Алматыда пациенті липоксация жасатқаннан кейін көз жұмған пластикалық хирургті қызметінен шеттеткісі келеді. Сот Дмитрий Писаревті 33 жастағы Дана Агамурадованың өліміне кінәлі деп мойындады. Алайда істің мерзімі өтіп кеткендіктен, ер адам жазаланған жоқ, деп хабарлайда КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
«2018 жылдың 12 желтоқсанынан бері Писаревтің пластикалық хирург ретінде дәрігерлік қызмет көрсетуге құқығы жоқ. Себебі оның сертификатының мерзімі өтіп кеткен. Біз Писаревтің дәрігерлік қызметпен айналысуына тыйым салу үшін. екі күннен кейін сот органдарына жаңа қуыным жолдаймыз. Ал ол жұмыс істеген клиникаға хат жолдап жатырмыз», – дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
Аталған іске қатысты сот екі айға созылды. Марқұмның әпкесі Писаревтен 50 миллион теңге өтеп беруін талап етті. Алайда сот үкіміне сәйкес, ол тек 3 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Десе де хирургтің өзі кінәсін мойындамай қойды. Ол отаның сәтті өткенін, ал пациенттің жағдайы кейіннен нашарлағанын айтып бой бермей отыр.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2016 жылы Алматыдағы жекеменшік емханалардың бірінде болған. Марқұм Дана Агамурадова БАӘ-нен пластикалық ота үшін Алматыға арнайы ұшып келген. Алайда ол отадан кейін қайтыс болып кетті. Артынша оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
