Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобусқа соғылған жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмады (фото)

Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылып қалды. Апат салдарынан ауыр халдегі екі адам ауруханаға жеткізілді.

Сурет: «Территория происшествий» бағдарламасы

Бұл туралы СТВ телеарнасының «Территория происшествий» бағдарламасы хабарлайды.

ЖКО Алматыдағы Рысқұлов пен Жангелдин көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің сөзінше, Toyota Carina автокөлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен көлік тізгінін басқара алмай қалып, қатты жылдамдықта автобусқа соғылған. Абырой болғанда, аялдап тұрған автобус ішінде жолаушы болмаған екен.

Апат салдарынан Toyota автокөлігі жүргізушісі мен жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Полиция ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Оралда газ жарылып, екі адам зардап шекті

«Алтын Орда» маңында ер адам көлік астына түсіп көз жұмды (фото)

Алматыда көктайғақ салдарынан жол апаты орын алды (фото)

Ақтауда зейнеткер көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті (видео)

Талқылау