Алматыда автобус жол жиегіндегі бағанаға соғылды (фото)
Алматыда жолаушылар тасымалдайтын автобус жарық бағанасына соғылып, 13 адам зардап шекті.
Суреттер “Территория происшествий” бағдарламасынан алынды
Бұл туралы СТВ телеарнасы хабарлады.
Жол апаты 1 маусым күні кешкі 18.30-да Райымбек даңғылы бойында болған. Автобус батыс бағытта қозғалып келе жатқанда, сол кезде шығыс бағытта Toyota Camry және Lexus маркалы екі жеңіл көлік Ахрименко көшесімен бұрылуға ыңғайлана бастайды.
Куәгерлердің айтуынша Lexus жүргізушісі оқыс бұрылыс жасап, нәтижесінде автобус одан қашамын деп жол жиегіндегі жарық бағанасына барып соғылған.
Жол оқиғасы нәтижесінде алдын-ала дерек бойынша автобустағы 13 жолаушы зардап шеккен.
Оқиға орынына дереу бірнеше жедел жәрдем көліктері келген.
Талқылау