Алматыда Асылхан Төлеповтің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)
Еліміздегі ең сымбатты актер Асылхан Төлепов қолына ақ құсын қондырды! Күні кеше Алматыда Асылханның үйлену тойы дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Асылханның таңдаған жары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, айдай сұлу Айсұлу есімді ару. Естеріңізде болса, күні кеше қос ғашықтың “гулянкадан” бас тартып, оның орнына жетімдерге ас бергенін жазған едік.
Асылханның тойына қазақ эстрадасы мен кино саласының майталмандары түгелдей дерлік қатысты. Олардың көшін Сәкен Майғазиев, Жанар Айжанова сынды танымалдар бастады.
Анша-мұнша жерде жүрмейтін Қайрат Нұртас та Асылханды қуанышымен құттықтап келді.
Айтпақшы, Алматының әкімі Бауыржан Байбек те жас депутат Асылханның тойынан табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Ғазизхан: “Зың-зың” әнінің авторы сыныптасым, жертөледе жұмыс істеп денсаулығынан айырылды
Өнер иелері азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы бас көтерді
«Меломен» тобы: Нағыз еркек тоқал алуы тиіс
Әли Оқапов Ақбота Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайында бар шындықты айтты